Рудный қаласының әкімі отставкаға кетті

/image/2020/09/29/crop-45_97_697x1239_zhiteli-sprashivajut-11.jpg

Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов отставкаға кету туралы өтініш берді, деп хабарлады Қостанай облысы басшысының баспасөз қызметі.

Облыс басшысы өтінішке қолдау білдірді. Қыркүйек айының 29-нан бастап Рудный қаласының әкімі қызметінен босатылды.

Бақытжан Ғаязовтың еңбек жолы:

1992-1996 жылдары - Қостанай облысы Жітіқара ауданы Львовский тәжірибе стансасы директорының орынбасары, бас ветеринар дәрігері.

1996-1999 жылдары - Қостанай облысы Жітіқара қаласы «Қуатты» ГАҚ президенті.

1999-2000 жылдары - Қостанай облысы Жітіқара қаласы «АС-ЕТ» ЖШС-ның директоры.

2001- 2004 жылдары - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің орынбасары.

2004-2008 жылдары - Қостанай облысы Алтынсарин ауданының әкімі.

2008-2011 жылдары - Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі.

2011 жылдың маусым айынан бастап Қостанай облысы Рудный қаласының әкімі.

Еске салайық, Рудный қаласының басшысы Қашар кентінің әкімі бюджеттен ақша жымқырғаны үшін сотталған кезде отставкаға өтініш берген болатын.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар