Қырғызстан президентінің қайда екені белгілі болды

/image/2020/10/06/crop-346_69_932x1243_i1s3drdlq.jpg

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтың Бішкекте екені хабарланды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева мәлімдеді.

Бұған дейін президенттің елден кетіп қалғаны туралы хабар тараған болатын. Кейіннен оның баспасөз хатшысы бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

– Қазіргі кезде ол Бішкекте, – деді Толгонай Стамалиева. 

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Жээнбеков "жағдайды бақылап, барлық саяси күштің елдің мүдделерін өз мүдделерінен жоғары қоятынына, ел азаматтарын толғандыратын басқа да қауіптерге жол бермейтініне сенім білдіретінін атап айтты.

– Қазіргі жағдайды ескере отырып, президент ОСК-ға парламенттік сайлау қорытындыларын жоюға дейінгі бұзушылықтарға байланысты материалдарды мұқият зерттеуге кеңес берді, – деді Стамалиева.

Еске сала кетейік, Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген азаматтар Бішкекте наразылық акциясына шықты.

5 қазанда күндіз наразылыққа шыққан азаматтар сайлау қорытындысының күшін жойып, жаңа сайлау өткізуді талап етуде.

Оқи отырыңыз: "Атамбаев қайта президент бола ма?". Қырғызстандағы митингке желі реакциясы

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар