Доллармен несие алғандар тақырға отырды

/uploads/thumbnail/20170708193057282_small.jpg

Теңгенің күрт құлдырауына байланысты Қазақстан халқының банктерден алған несиесі 10 триллион 711 миллиард теңгені құрайды. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы "Нұр.кз"-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ұлттық банктің 1 шілдедегі мәліметіне жүгінсек, бұл соманы қазақстандықтардың  жан басына шаққанда әр адамға 600 мың теңге несиеден айналады. Бұл Қазақстанның сыртқы қарызын есептемегендегі ақша.

Мәліметке сүйенсек, кредиттердің 76 пайызы теңгемен болса, 24 пайызы шетел валютасымен яғни доллармен берілген.  Девальвациядан соң, көбірек соққы осы шетел валютасымен алған 24 пайызға тиген. Республика бойынша, бүкіл кредиттің жартысынан көбі Алматы қаласының тұрғындары алған. Ал, банктер берген барлық несиенің үштен бір бөлігін жеке адамдарға тиесілі.

Ірі компанияларды айтпағанда, жеке адамдардың өзі алған несие де аса қомақты. 1 шілдеде ресми курс 186 теңге болғанын ескерсек, жеке адамдардың кредиті 2 миллиард 140 миллион долларға тең болатын. Ендігі жерде, девальвациядан соң теңгенің құлдырауына байланысты несиешілер  70 миллиард теңге көлемінде зардап шеккенмен бірдей.

Гүлден Әбдібақыт

 

Қатысты Мақалалар