12 жастағы жасөспірім құны бір жарым миллион тұратын картинаны байқаусызда жыртып алды. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Оқиға Тайваньда болған. Бала көрме қарап жүріп, шалынысып кетіп, саусағымен картинаны тесіп алды.
Ол XVII ғасырда итальян суретшісі Паоло Порпора салған сурет болып шықты. Абырой болғанда көрме ұйымдастырушылары баланың отбасынан картинаның реставрациясына қаражат талап етпеді.