"Баспана хит" бағдарламасы арқылы салынып жатқан үйді алуға болады

/image/2020/10/26/crop-97_11_773x1031_protokol.jpg

"Баспана хит" бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үйді несие арқылы алуға болады. Бұл туралы "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ Сыртқы коммуникациялар қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Баспана Хит" бағдарламасын іске асыру кезінде азаматтардың өтініштері, банктер, құрылыс компаниялары мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары қарастырылған. Ұлттық банк тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға және бастапқы тұрғын үйге сұранысты көбейту мақсатында қаулыға бірқатар түзетулер енгізді.

Сондай-ақ жаңа қаулыда енгізілген өзгерісте "Баспана хит" бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үйді несие арқылы сатып алуға болады.

Қаулыға сәйкес:

  • Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бастапқы тұрғын үйдің ең жоғары құны – 35 миллион теңге;
  • Шымкент қаласында бастапқы және қайталама нарықтарда сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны – 25 миллион теңге; 
  • Қарағанды қаласында – 20 миллион теңге;
    Басқа аймақтарда – 15 миллион теңге.
  • Үлестік қатысу шеңберінде салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға кредит беруді бастау үшін бағдарлама операторы серіктес банктермен бірге дайындық жұмыстарын жүргізуде.
  • "Баспана Хит" бағдарламасының клиенттері қазірден бастап жаңа шекті бағалармен ипотека рәсімдей алады.

"Баспана Хит" бағдарламасы шеңберінде 2020 жылғы 26 қазандағы жағдай бойынша 388,1 млрд теңгеге 44 228 өтінім мақұлданды, оның ішінде 306,8 млрд теңге сомасына 35 769 қарыз берілді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар