Әли Бектаев: Бұл - біз үшін үлкен саяси оқиға

/image/2020/10/26/crop-172_9_387x516_201026161121a3710899d.jpg

Нұр-Сұлтанда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы саяси кеңесінің отырысы өтті.

Күн тәртібінде қаралған мәселелердің бірі - «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының ҚР парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына қатысуы.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 10 қаңтар күні ҚР Парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтетіні туралы жарлық шығарды. Бұл - біз үшін үлкен саяси оқиға. Біз Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқан саяси партияның бірі ретінде осы саяси науқанға қатысуға толық құқылымыз. Партиямыз құрылғалы жиырма жылда мақсатымыз, жұмысымыздың мазмұны, саяси платформамыз өзгерген жоқ. Соңғы бес жылда 52 мыңнан астам Қазақстан азаматы партиямыздың мүшесі болды. Партиямыздың идеясын қолдаушылар жылдан жылға көбейіп келе жатыр. Алда келе жатқан сайлауға «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының қатысуы туралы ұсыныс енгіземін», - деді «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев.

Ол алдағы съезде партиялық тізімді бекітіп, халықтың алдында жария ететінін айтты.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының саяси кеңесі ҚР Президентінің жарлығына сәйкес 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін ҚР Парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының қатысатынын мәлімдейді», - деді ол.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар