Коронавирус. 16 адам өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

/image/2020/10/27/crop-59_17_395x702_201027074639425e.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша өткен тәуліктегі эпидемиологиялық ахуалды хабарлады.

Министрлік мәліметінше, 142 адамнан коронавирус, 10 адамнан коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония анықталған. 1 адам пневмониядан көз жұмған.

Бір күнде 91 адам коронавирустан, 17 адам пневмониядан жазылып шыққан.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 088 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 248 өскіншек бала бар.

Стационарларда 2 333 науқас жатыр. 755 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 115 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 10 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар