HOLLYWOODREPORTER: «Оскарға Қазақстан атынан Е.Тұрсыновтың картинасы қатысады»

/uploads/thumbnail/20170708193135608_small.jpg

Жақында америкалық «Голлувудтың» www.hollywoodreporter.com  сайты  «Оскар: қазақстандық «Жат»  шет тіліндегі фильм категориясы бойынша қатысуға  мүмкіндік алды» (Oscars: Kazakhstan Selects 'Stranger' for Foreign-Language Category) атты мақала жариялаған. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.

2013 жылы  Америка киноакадемиясы  сыйлығын алған  Ермек Тұрсыновтың «Жат» кино картинасы Торонтодағы кинофестивальға жолдама алып, қыркүйек айында фильмнің премьерасы  аталмыш фестивальде өтеді.

 

Америкалық www.hollywoodreporter.com сайты,  Қазақстан үздік шетелдік Оскарға өз кандидатурасын жариялады. Ол Ермек Тұрсыновтың «Жат» (Stranger) туындысы, деп жазады.  

Бұл Ермектің Оскарға жолдама алған  үшінші картинасы. Осыған дейін 2010 жылы «Келін» фильмі бәйгенің іріктеу көзеңінен өтіп, 2013 жылы Шал (Old Man) қатысқан болатын.

Қыркүйекте Торонта қаласындағы кинофестивальде әлемдік премьерасы өтетін «Жат» фильмі  қазақ көшпенділерінің қатал ортадағы өмірі туралы 105 минуттық зерттеу жұмысының қорытындысы болып табылады.

Фильм өмір сүру үшін үңгірге тығылып,  30-шы жылдардың аштығын көрген, содан аман қалған  Нұрымбет пен Ержанның ғұмыры туралы және сталиндік депортациялау және дүние жүзілік соғыс кезіндегі өзі қоғамның өкілі болған Ілиястың өмірі туралы баяндалады.

Естеріңізде болса, «Қамшы» порталы «Ермек Тұрсыновтың тағы бір туындысы Оскардан үмітті» атты мақала жариялаған болатын.

Иә, осы уақытқа дейін  қазақстандық картиналардың Брисбен фестивальіне де соңғы рет қашан қатысқаны белгісіз. Ал өз кезегінде Брисбен –  ол «Азия Оскары» екенін ескерсек,  қазақстандық режиссерлерге тоқырау келген бе деп ойлап қалуымыз әбден мүмкін еді. Осыған дейін Оскар шақырту берген үш картинаның да авторы Ермек Тұрсынов екенін ескерсек, бұл да жаман көрсеткіш емес-ті.  Ал осы жолғы Торонтода өтетін Халықаралық кинофестивальге (Toronto International Film Festival)  Тұрсыновтың тағы бір туындысына шақырту беріп, халықаралық академия өз атынан ұсынуы көңіл қуантарлық жаңалық болғаны жасырын емес. Тағы бір айта кететіні, «Жат» - Dolby Atmos көпканалды дыбысты форматында түсірілген тұңғыш қазақстандық картина.

Ағылшын тілінен аударған Нұргелді Әбдіғаниұлы

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар