Қазақ футболының жұлдызды сәтін әлем тосын жаңалық ретінде қабылдап жатыр(Фото)

/uploads/thumbnail/20170708193144971_small.jpg

Британдық  «The Independent» басылымы қазақстандық “Астана” командасын ауғанстандық  клуб деп жариялап, кейін осы қателігі үшін кешірім сұрады. Ал, танымал неміс футболшысы Лукаш Подольски Қазақстанды келекеге айналдырды. Бұл туралы "Қамшы" порталы  NUR.KZ -ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Басылым Manchester United-тің сәтті және сәтсіз қарсыластарының тізімін жариялаған. “Астана” британдық команда үшін жеңіл қарсыластардың тізіміне кірді.

Мақалада “Астана” – Ауғанстаннан Чемпиондар Лигасының плэй-офф кезеңіне өткен алғашқы команда деп жазылған.

Футболдан Германия құрамасы мен “Галатасарай” клубының ойыншысы Лукаш Подольски “Борат еліне” келуге дайын екенін айтып, Қазақстанды келемеждеді. Монакода Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі аяқталған соң, Түркияның “Галатасарай” клубы “Бенфика”, “Атлетико” және “Астанамен” бір топқа түскені анықталды.

Осыдан соң, түркиялық команданың ойыншысы “Астананы” келемеждеп, Твиттерге атышулы Бораттың суреті бар жазбасын жариялады.

Футбол ойыншысы өз парақшасына “Асыға күтемін” деген сыңайда жазба қалдырған.

Еске сала кетейік, Подольски Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Астанаға келіп, Қазақстан құрамасына қатысты ойын өткізген болатын.

Гүлден Әбдібақыт

Қатысты Мақалалар