Ыстықкөл түбінде Ұлы Жібек жолының «Атлантидасы» табылды

/uploads/thumbnail/20170708193149376_small.jpg

Ыстықкөл түбінде қырғыз археологтары мен Томск аквалангистері Ұлы Жібек жолының  Атлантидасын тапты. Бұл турлы "Қамшы" порталы inform.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Археологиялық жұмыстар  Ыстықкөлдің оңтүстік бөлігінде жүргізілді. Заттардың көбі жағалаудан шамамен екі шақырым жерден табылды. Артефакттарға  2,5 мыңнан астам жыл.

Академик Владимир Плоскихтің пайымдауынша, археологиялық қазбалардың арқасында «Көне заманда Ыстық көлде тұрған халықты көшпелі мәдениеттің емес, көне өркениеттің өкілдері» болды деген тоқтамға келуге болады.

«Қазба жұмыстары кезінде егін шаруашылығына қажетті жабдықтар, балқытпа пештері табылды. Осыған қарағанда, мұнда мыс өндіріп, қоладан заттар жасаған.   Өзге де көптеген артефакттар Ыстықкөлде  көне өркениет болғанын дәлелдейді», - деп санайды В. Плоских.

 

 

Қатысты Мақалалар