Мамандар неше жастағы адамдар коронавирусты тез жұқтыратынын айтты

/image/2020/11/10/crop-3_2_380x506_52885930_303.jpg

35 жастан асқан адамдар COVID-19-ға әлсіз келеді, өйткені осы жаста дененің қартаюы және иммундық жүйенің әлсіреуі басталады. Бұл туралы иммунолог-аллерголог Владимир Болибок айтты, деп хабарлады 24.kz.

Оның пікірінше, тимус деп аталатын адам ағзасы иммунитет қалыптастыруға жауап береді, яғни онда иммундық жауапқа қажетті жасушалар түзіледі. Бұл балалар мен жасөспірімдерде жақсы жұмыс істейді. "35 жасқа дейін тимустың 10 пайызы ғана қалады. Бұл – ағзадағы қартаюдың алғашқы белгісі" деп түсіндірді дәрігер.

Айтуынша, 30-35 жасқа дейінгі адамдар көп жағдайда COVID-19, пневмония және қатерлі ісіктермен ауырмайды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар