11 қарашаға қараған түні Нұр-Сұлтанда азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің ұлы Жанболат Ағаділді пышақтап өлтіріп кеткені хабарланды. Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растап, мәлімдеме жасады.
"10 қарашада сағат 22.56-да 102 номеріне Нұр-Сұлтан қаласы Көктал ықшамауданы Болашақ көшесінің бойында жаппай төбелестің болғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жас жігіттер арасында жанжал болып, арты төбелеске ұласқанын анықтаған. Салдарынан екі адам дене жарақатын алған. Оның бірі 17 жастағы Ж.Ағаділ аяғынан жараланып, жедел жәрдем көлігі келгенге дейін сол жерде қайтыс болды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан қылмыстық кодексінің 99-бап 2-бөлімі (Адам өлтіру) және 293-бап 3-бөлімі (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқи отырыңыз: Жанболат Ағаділдің досы: Жақсы жігіт еді
Қазіргі уақытта жанжал қатысушыларын анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар тергелуде. Тергеу нәтижесі бойынша әр адамның әрекетіне құқықтық бағалау беріледі. Тергеу жалғасуда" делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.
Тағы оқыңыз:
♦ Ағаділдің анасы: Біреу атып кетті дейді, біреу пышақтаған дейді
Пікір қалдыру