Finprom.kz-тің мәліметіне сәйкес, Қазақстанда үй бағасы бір жылда 7%-5f қымбаттады. 2020 жылдың қазанында жаңа салынған үйдің бір шаршы метрінің бағасы 305,3 мың теңгеге жеткен. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 5,3% көп. Бір айда, қыркүйекпен салыстырғанда үй бағасы 0,5% қымбаттады.
Қазақстандағы ірі қалалардың арасында Нұр-Сұлтанда үй бағасы ерекше қымбаттаған. Астанада бір шаршы метр 388,8 мың теңге, яғни бір жылдың ішінде 6% қымбаттаған. Алматыда бір шаршы метр 360,1 мың теңге, 2,6% қымбаттаған. Шымкенте 333,3 мың теңге, 2,2% қымбатаған, Атырау 326,1 мың теңге, бір жылда баға өзгермеген.
Көп қабатты үйлердің орташа бағасы бір шаршы метрге 220,7 мың теңге, былтырмен салыстырған 11,1% көп.
Көп қабатты үй бағасы бойынша да Нұр-Сұлтан алда тұр. Онда үйдің бір шаршы метрі 375,6 мың теңге тұрады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 4,3% қымбат. Алматы 370,7 мың теңге, 1,1% қымбаттаған, Атырау – 264,2 мың теңге, Ақтауда көп қабатты үйдің бір шаршы метрі 249,3 мың теңге.
Мамандардың болжауынша жақында үй бағасы тағы 10% қымбаттайды. Сарапшылар оның бір себебі ретінде коронавирус пандемиясына байланысты құрылыс компания санының қысқаруын айтады.
Пікір қалдыру