Семей кәсіпкерлері наразылық акциясына шықты

/image/2020/11/11/crop-222_133_768x1024_809a5352-dc14-4486-add3-082c0ef90144.jpg

Семей қаласы кәсіпкерлері карантиндік шектеу шараларын жеңілдету талабымен алаңға жиналды. Шағын және орта бизнестің 50-ден астам өкілі қала әкімі Ермак Сәлімовпен кездесіп, наразылық білдірді.

Кездесу барысында індеттің облыс аумағында таралу қарқыны артып, Шығыс Қазақстан «Қызыл аймаққа» енгізілген тұста, қандайда бір босаңсулар мен жеңілдіктер туралы сөз айту орынсыз екені айтылды. 

Екінші толқын кезінде наурыз-маусым айларындағыдай қатаң шаралар қабылданбады. Дегенмен, кәсіпкерлер соның өзінде карантин шараларын бұзатын әрекеттерге жол беріп отыр. Соңғы мысал – Семей мейрамханаларының бірінде ұйымдастырылған үйлену тойы. Онда танымал спортшылар, өнер адамдары, бизнесмендер мен шоумендер жиналған. Бір қызығы, рұқсат етілмеген салтанатты мерекеге қатысқандардың арасында коронавируспен ауырып шыққандар бар. 

Қазіргі кезде орта және кіші кәсіп орындарына карантин нормаларын сақтай отыра жұмыс істеуіне рұқсат.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар