Ресеймен шекарада жол-көлік оқиғасынан алты адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170708193227066_small.jpg

Қостанаймен көрші Челябі облысындағы Мәскеу-Челябі тас жолының бойында алты автомобиль қақтығысқан ірі жол-көлік апаты орын алды. Соның салдарынан 6 адам қаза тапты. Бұл туралы "Қамшы"  порталы egemen.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

 Көліктердің арасындағы Volvo жүк көлігінде 1986 жылы туған қазақстандық болған.  DAF жүк көлігінің жүргізушісі Қорған облысының тұрғыны, 1966 жылғы азамат тізгіне ие бола алмай, Челябі облысының 1992 жылы туған тұрғыны жүргізіп келе жатқан KIA Carens, Красноярск облысының 1976 жылы туған тұрғыны жүргізіп келе жатқан Honda Freed автомобильдеріне соқтығысады, соның салдарынан машиналар жолдан төменге ұшып кетеді.

Мұнан кейін DAF жүк көлігі ВАЗ-2115, Mitsubishi Pajeroжәне Ford Focus жеңіл машиналарына соқтығысады, төрт машина барып, рөлінде қазақстандық азамат келе жатқан Volvo жүк машинасына соқтығысады. Соңында барлық 4 машина отқа оранады. 

 Апаттың салдарынан ВАЗ-2115 көлігіндегі 4 жолаушы, Mitsubishi Pajero көлігінен екі адам сол жерде қаза болды. KIA машинасының жүргізушісі мен Honda көлігінің жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізіледі. 

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, қайғылы ірі апатқа DAF жүк көлігі тежегішінің істен шығуы себепкер болса керек. Қазақстандық азаматтың өлі-тірісі, кім екендігі жөнінде мәлімет жоқ.

"Қамшы" сілтейді

 

Қатысты Мақалалар