Сонымен, 16 қарашада сағат 00:39-да мобильді топ Qwartet караоке-барында 40-қа жуық келуші болғанын анықтады. 15 қараша күні сағат 23.54-те Tequila лаундж-барында 50-ге жуық келуші болған.

14 қарашада сағат 22:00-де "Зейд" мейрамханасында отбасылық мереке өтіп, 40-тан астам қонақ келушілердің бірінің 50 жылдығын атап өткен.

Мекеме иелеріне қатысты жиналған материал процессуалдық шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.

Жалпы алғанда, 9-15 қараша аралығында карантин шараларының сақталуы бойынша мобильді топтардың аралауы кезінде Алматы ауданында 14, Байқоңыр ауданында – 7, Есіл ауданында – 18; Сарыарқа ауданында – 18 бұзушылық анықталды.

16 қарашадағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аудандық басқармаларына карантинді бұзған адамдарға қатысты аудандық полиция басқармаларынан 2043 материал келіп түскен. Жалпы сомасы 193 288 236 теңгені құрайтын 963 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінгі таңда жалпы сомасы 151 324 915 теңгеге 752 әкімшілік айыппұл төленді.