«Дала қазынасы» монеталар сериясынан «JETI QAZYNA» биколорлы айналыстағы монеталары бірқатар өңірде айналымға енді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Олар айналыстағы монеталармен қатар пайдаланылады.
Яғни номиналы 100 теңгелік «JETI QAZYNA»: «ER JIGIT», «SULÝ ÁIEL», «QUMAI TAZY», «AQYL BILIM», «BEREN MYLTYQ», «JÚIRIK AT», «QYRAN BÚRKIT» 7 монетасы заңды төлем құралы болып саналады және төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті – оларды тауар сатып алуға немесе көрсетілген қызметтерге төлеуге болады.
– Монеталардың өлшемі өзгеріссіз сақталғанын, сондықтан төлем терминалдары мен басқа да кассалық техниканы қосымша қайта теңшеуді қажет етпейтінін атап өткім келеді, – деді ҚР ҰБ Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов.
Егер кәсіпкерлер монеталарды қабылдаудан бас тартатын болса, онда ҚР ӘҚБК 206-бабына сәйкес оларға ескерту жасалады. Бір жыл ішінде жағдай қайталанса, 5-25 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.
Пікір қалдыру