"Adal" партиясы барлық азаматқа лайықты өмір сыйлағысы келеді

/image/2020/11/19/crop-57_9_409x726_201119170414415a3720648i.jpg

Нұр-Сұлтан қаласында "Adal" саяси партиясының кезектен тыс VII съезі өтіп, ұйымның сайлауалды бағдарламасының жобасы таныстырылды.

Партия баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Adal" партиясы қоғам өмірінің барлық саласында кең ауқымды жаңғырту ісіне кірісуге ниетті.

– Біз алға қойған барлық мақсатқа қол жеткізуіміз қажет. Күнделікті жұмысымыздың, іс-әрекетіміздің мәні азаматтарымызға қамқорлық екендігін көрсеткіміз керек. Бұл партия жұмысының мәні деп санаймыз. Партия бағдарламасы 5 негізгі басымдықтан тұрады. Олар: Барлық азаматқа лайықты өмір; Кәсіпкерлік – табысты мемлекеттің негізі; АӨК-ті дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі; Қуатты өңір – қуатты ел; Мемлекет адамдар үшін, – "ADAL" саяси партиясы саяси кеңесінің мүшесі Олжас Ордабаев.

Партия саяси кеңесінің мүшесі Мұрат Қожамқұлов үміткерлер тізіміне әр саладан белгілі азаматтар енген. Тізімде 20 адам бар, оның 10-ы саяси кеңес мүшесі. Мұрат Қожамқұловтың айтуынша, тізім жасауда өңірлік, гендерлік және басқа да тепе-теңдікті сақтау басшылыққа алынған.

"Adal" саяси партиясынан мәжіліс депутаттығына ұсынылған үміткерлер тізімі төмендегідей:

  1. Серік Сұлтанғали – "Adal" партиясының төрағасы;
  2. Эльдар Жұмағазиев – мемлекет және қоғам қайраткері, бірқатар білім және әлеуметтік жобалардың авторы, экономист, саясаттанушы;
  3. Ардақ Назаров – белгілі спортшы, қоғам белсендісі;
  4. Мақсат Толықбай – белгілі тележурналист, "Ашық алаң" тележобасының жүргізушісі, Maltabu.kz сайтының авторы;
  5. Алмасбек Садырбаев – "Шопан Ата" Қазақстан қой өсірушілері қауымдастығының төрағасы;
  6. Дәулет Мұқаев – тележурналист, қоғам белсендісі;
  7. Олжас Ордабаев – "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары, білім беру саласының сарапшысы;
  8. Жигули Дайрабаев – "Қазақстан фермерлер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті;
  9. Нұрлыбек Малелов – қаржыгер, мемлекет қайраткері;
  10. Ғалымбек Жақсылықов – қоғам қайраткері, Қызылорда облысының белсенді тұрғыны;
  11. Лаура Маликова – "Тәжірибелі экологтар қауымдастығының" төрағасы;
  12. Игорь Шацкий – кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі сарапшы;
  13. Алина Абдрахманова – бизнес-білім беру саласын басқару жөніндегі маман, сарапшы;
  14. Халиола Акдрашев – кәсіпкер;
  15. Ляззат Чинкисбаева – "Менің Атамекенім" әлеуметтік қорының төрағасы;
  16. Мұрат Қожамқұлов – партияның Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы;
  17. Ғани Абадан – партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы;
  18. Тимур Әбдікәрімов – партияның Маңғыстау областық филиалының төрағасы;
  19. Ақмарал Бекмұрзаева – бизнес-тренер, кәсіпкер;
  20. Әнуар Керембаев – экономика сарапшысы.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар