Сағынтаев заңсыз ағаш кесу оқиғасына байланысты мәлімдеме жасады

/image/2020/11/24/crop-7_6_396x705_a86050c7ee15932e5b9537467b18b471-small.jpg
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Sulpak сауда үйінің алдындағы ағаштарды отау оқиғасына байланысты пікір білдірді.
 
"23 қарашаға қараған түні "Sulpak" СҮ жанында заңсыз 13 ағаш кесілді. Бұл өрескел оқиға президент пен қоғамның наразылығын тудырды. Қала әкімдігі ағаш кесуге рұқсат берген жоқ. Қоршаған ортаға келтірілген зақымның мөлшері есептеледі.
 
Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы заңсыз ағаш кескені үшін ҚР ҚК 340-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін бастады. Іс Алмалы ауданына қарасты ПБ-ның қарауына берілді. Алматы ПД бастығы Қ.Таймерденовке істі толығымен қарап, оның объективтілігін қамтамасыз етіп, кінәлілерді анықтап, жауапкершілікке тарту тапсырылды.
 
Қазіргі уақытта сауда үйінің жанындағы аумақты "Arena S" ЖШС-ға қарасты (Sulpak) ЖК "Сакура" мен "Бурибекова" мердігерлерінің абаттандырғаны анықталды. "Сакура" ЖК-ның басшысы ҚР ӘҚБтК 437 бабы бойынша түнгі уақытта азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
 
Істің барысы туралы жұртшылықты хабардар етіп отырамыз. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда" деп жазды Сағынтаев facebook парақшасында.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар