АҚШ-тағы Миссури штатының дәрігері адамдарға маска киіп жүрудің маңызын түсіндіру мақсатында коронавирус инфекциясынан өліп бара жатқан адамға медициналық көмек көрсетіп жатқандай видео түсірді.
Кеннез Реми "маска кию өкпеге жасанды желдеткіш орнатқандай ыңғайсыздық тудырмайды. Бұл видеоны түсіруіме науқастардың өлімі әріптестеріме қалай әсер еткенін көргеннен кейін туындады" дейді.
Дәрігер видеода Covid-19-бен ауыратын адамның қалай демалатынын көрсеткен. Науқастың жағдайы нашарлағанда 1 минутта 40 рет қана дем ала алады. "Сіздің өміріңіздегі ең соңғы күн дәл осылай қорқынышты аяқталмайды деп үміттенемін" дейді видеода.
Науқасқа ауа жетпей қиналғанда көбіне дәрігерден отбасына оларды жақсы көретінін айтуды сұрайды екен. Себебі қиналғанда тірі қалатына күмәндана бастайды. Дәрігердің айтуынша минутына 40 рет тыныс алатын жағдайға жеткендер көбіне аман қалмайды. Науқастардың ауыр өлімі дәрігер, медбикелерге әсер етпей қоймайды.
– Әріптестерімнің физикалық және моральдық тұрғыда қалай шаршағанын көріп жүрмін. Медициналық құралдарды алып науқастың бөлмесіне кіргенде ондағы ауыр жағдайға куә болғаннан кейін сондай сәттерді видео арқылы баяндауды ұйғардым. Егер қоғамдық жерде маска кимесеңіз, арақашықтықты сақтамасаңыз, қолыңызды жиі жумасаңыз өміріңіз дәл видеодағыдай аяқталады.
Дәрігер коронавирустан көп адам тірі қалатынын да жоққа шығармайды, бірақ ауруханаға жатқызылып, өкпеге жасанды аппарат қойылса, аман қалу екі талай деп ескертеді.
– Мен сіздерге екі нәрсені ескертемін. Біріншіден, маска кию өкпеге пластмасс аппаратын орнатқанға қарағанда әлде қайда жеңіл әрі оңай. Аурудан өліп қалсаңыз еркіндіктің құны бір тиын. Екіншіден, егер сіз немесе сіздің ата-анаңыз, балаңыз осы ауруға шалдықса, сізді де оларды да дәл осындай өлім күтіп тұр. Бұл – ойыншық емес. Сіздерден өтініп сұраймын, сақтық шараларын ұмытпаңыздар. Тек солай ғана аурудың алдын ала аламыз, – деді ол.
Пікір қалдыру