Қазақстанда 320 мың литр алкоголь тәркіленді

/image/2020/11/26/crop-114_40_324x432_acf6392c81276a31.jpg

Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан 2017 жылы 6 миллион 400 мың литр, 2018 жылы 3 миллион 700 мың литр, 2019 жылы 6 миллион 100 мың литр, осы жылдың 9 айында 320,2 мың литр мөлшерінде заңсыз алкоголь өнімдері тәркіленді. Бұл туралы Мемлекетті кірістер комитеті хабарлады.

Алкоголь нарығына қатысушылар алкоголь өнімдерін реттеу саласындағы заңнаманың нормалар (алкоголь өнімдерін рұқсат құжаты мен ілеспе жүкқұжатынсыз сату және бекітілген бақылау маркаларынсыз сату) бұзылғанын анықталған .

Заңсыз алкоголь өнімдердің 23,6%-ы шекарадан өту кезінде, 76,4%-ы алкоголь өнімдерін сату объектілерінде анықталды.

Қырғызстан Республикасымен шекарада 23,8 мың литр мөлшеріндегі этил спирті және 14,5 мың литр арақ әкеле жатқандардың жолы кесілді.

Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз алкоголь өнімдерін шығаратын 25 цехтың жұмысы тоқтатылды. Алматы қаласы – 11, Алматы облысы – 4, Шымкент қаласы - 3, Түркістан облысы – 2, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Жамбыл облыстарында – 1 цех қызметі тоқтатылған.

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар