Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде желтоқсан-қаңтар айларында қатаң карантин енгізілуі жағдайға байланысты екенін айтты.
– Апта сайын мәліметтерді зерттеп, алдағы кезеңдерге де болжам жасап жатырмыз. Қазір көріп отырғанымыздай, Қазақстанда карантин шараларын желтоқсан немесе қаңтар айларында енгізу мәселесі жағдайды қаншалықты бақылауда ұстай алатынымызға байланысты болады, – дейді ол.
Министр қазір коронавирус өршіген кейбір өңірде жұқтыру деңгейі төмендеп келе жатқанын атап өтті.
– Шығыс Қазақстанда мәселен жағдай реттеліп, жұқтыру деңгейінің төмендеу тенденциясын бақылаудамыз. Ең бастысы – жағдайды бақылауда ұстау. Қазір инфекциялық ауруханалар 22 пайызға, жансақтау төсектері 17 пайызға жүктелген. Яғни, резерв бар. Сондықтан қазір уайымдаудың қажеті жоқ. Бәрі бақылауда, – деп айтты Алексей Цой.
Пікір қалдыру