Қарақия ауданында "Nur Otan" партиясы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда

/image/2020/12/14/crop-16_326_509x678_111.jpg

Қарақия ауданында сайлауалды үгіт-насихаттық жұмыстары аясында бүгін екі бірдей шара ұйымдастырылды. Алғашқысы «Есіктен есікке» акциясы, екіншісі канвассинг.

Аудандық мәслихат депутатына үміткер Дархан Қыстаубаев Құланды ауылы тұрғындарының үйіне барып, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. "Қазақстанның басты 7 жетістігі" мен "Nur Otan-ға дауыс бер", "Жаңа жетістіктірге бірге жетеміз!" атты үнпарақтар таратты. Сонымен қатар ауыл тұрғындарының талап-тілектерін тыңдады. qamshy.kz

«Есіктен есікке» акциясы аясында Бостан ауылы халқымен жүзбе-жүз кездесулер өтті. Аудандық штаб мүшесі Сағатбек Жұбанов пен «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері ауыл тұрғындарының шаңырақтарына арнайы барды. Партия төрағасы Елбасымыздың ел тәуелсіздігін сақтап, дамыған елдердің қатарына қосылуы жолында еткен ерен еңбегін айтып, бейбіт тіршілігіміз сол кісінің арқасы екенін жеткізді. Қарақия ауданын экономикалық-әлеуметтік жағынан дамыту бағытындағы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. "Nur Otan" партиясы еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктерін жалғастыруға мүдделі саяси институт екені айтылып, тұрғындардан мазалаған мәселелері сұралды. qamshy.kz

Бостан ауылының халқы да өз тараптарынан алғысын білдіріп, үйме-үй аралап, ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізіп жүрген азаматтарға алғысын жеткізді. Сайлауға белсенді қатысуға сөз беріп, халық үшін қызмет ететін азаматтарды таңдайтындықтарын айтты.

 

«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Сайлау қоры қаражатынан төленді

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар