«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы атынан ҚР Парламенті Мәжілісі мен облыстық және қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар «Қазпошта» АҚ Қызылорда филиалы қызметкерлерімен кездесті.
Іс-шара барысында кандидаттар сала мамандарымен пікір алмасып, түрлі мәселерді саралады.
Басқосуға ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Ғалым Әміреев, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Гүлнәр Есқалиева, Нұрболат Ибраев, Мағжан Ералиев, қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Айгүл Мұсабаева, Әжібек Мампаев сайлауалды бағдарламадағы негізгі міндеттерді таныстырды.
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Ғалым Әміреев, әлемдік коронавирустық пандемия біздің елдің экономикалық жағдайына кері әсерін тигізгенін, халықтың қауіпсіздігі басты орында екенін айтты.
– 2020 жыл біз үшін үлкен сынақтардың жылы болды. Коронавирустық пандемия біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертіп, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етті. Біз басты құндылық адамның өмірі мен денсаулығы екенін түсіндік. Қазақстан да әлемнің басқа елдері секілді ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, қызмет жасап тұрған жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін сондай-ақ, облысымызды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салады, – деді Ғалым Әміреев.
Ал қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Айгүл Мұсабаева "30 жылдан астам білім беру саласында қызмет етіп келемін. Дамыған 30 елдің қатарына ену ұрпақ тәрбиесі мен біліміне тікелей тәуелді екенін ескерсек, партияның білім беру саласына қатысты жоспары үлкен көмек көзіне айналды. Білім беру саласының төрт сатысы партия бағдарламасында толық қамтылған. Елбасымыз тәуелсіздік алған жылдардан бері білім беру ісіне көңіл бөліп, түрлі бағдарламаның жарыққа шығуына мүмкіндік сыйлады. Сондықтан партия міндетінің басты негізі – білім сапасын арттыру. Қазіргі таңда маңызды саяси науқанның алдында тұрмыз. Әрбір үміткер елеулі мәселенің шешім табуына атсалысып жүрген азаматтар. Оған қоса, сайлауалды бағдарламада түрлі саладағы мәселелер көрсетіліп, шешім жолдары нақтыланған. Сондықтын сенім білдіріп, қолдау танытуларыңызды сұраймын" деді.
«Қазпошта» АҚ Қызылорда филиалы директорының орынбасары Айзат Ізтелеуова, үміткерлерді заман ағымына сай талаптарды игерген почта қызметімен таныстырды.
– Қызылорда облысы бойынша халыққа 189 байланыс бөлімшесі қызмет көрсетіп келеді, оның ішінде Қызылорда қаласында 18 қалалық байланыс бөлімшесі және байланыс пункттері бар. Облыс бойынша 656 адам жұмыс істейді, онда зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алушыларға қалтқысыз қызмет көрсетіледі, – деді ол.
Іс-шара соңында үміткерлер сұрақтарға жауап беріп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырып, үгіт-насихаттық жадынама таратты.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді
Пікір қалдыру