Парламент және барлық деңгейдегі маслихат сайлауы кезеңі аясында Абай ауданы бойынша үміткер Нұрсұлтан Балабиев Asio Trafo компаниясының ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламалары мен алдағы бес жылдық жоспары түсіндірілді.
Сондай-ақ, азаматтарды алаңдатқан түйткілді мәселелерін тыңдалып, партия бақылауына алынды.
Айта кетейік, «Asia Trafo» — қазақстандаңы жетекші электр жабдықтары өндіретін «Alageum Electric» құрамына кіреді. Сондай-ақ, аталмыш компания Орталық Азиядағы трансформаторлық жабдықтар шығаратын ең ірі зауыт.
Зауыттың негізгі өнімдері - қуаттылығы 500 МВА дейін 110, 220, 500 кВ кернеу класы бар майлы қуат трансформаторлары мен автотрансформаторлар, сондай-ақ реакторлар. Зауыттың жобалық қуаты жылына 12000 МВА-дан асады.
Шымкент қаласындағы "Nur Otan" партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.
Пікір қалдыру