Білім саласының қызметкерлері құқықтық мәдениетті қалыптастыруға үлесін қосады

/uploads/thumbnail/20170708193401970_small.jpg

Сайрам аймағы  бойынша ауданаралық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен Сайрам ауданындағы Абылай хан атындағы  №93 орта мектепте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сананы жетілдіру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында конференция өткізілді.

Іс-шараға Сайрам аудандық білім бөлімінің жауапты қызметкерлері, мектеп директорлары мен бала-бақша меңгерушілері, білім саласы кәсіподақтарының, ардагерлер кеңесінің және ата-аналар комитетінің төрағалары қатысты.

Конференция алдында қатысушыларға «Как защитить себя от коррупционных посягательств?» және «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» тақырыбында қазақ және орыс тілдерінде дайындалған жадынамалар таратылып, сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын-алу бағытында анонимді түрде сауалнама жүргізілді.

 Шара барысында Сайрам аудан әкімі аппараты заң бөлімінің  өкілі, білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі, білім саласы кәсіподақтар ұйымы төрайымының және  Басқарма консультантының  баяндамалары мен ақпараттары тыңдалды. Сонымен қатар, Департаментпен мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың қоғамға зияндылығын насихаттайтын бейнероликтер көрсетілді.

 Конференцияға аудан әкімінің кеңесшісі Б. Танагузов және ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Байназар қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. 

Дереккөзі: Сайрам ауданы әкімінің ресми сайты

Қатысты Мақалалар