Алматы облысындағы құс фабрикаларының бірінде оттегінің жетіспеушілігінен 41 мың тауық тұншығып, қырылып қалды, деп хабарлады Tengrinews.kz.
Оқиға Ұйғыр ауданында орналасқан Otan Green Food ЖШС құс фабрикасында болған. Әкімдіктегілер құстың қырылуын автоматиканың істен шығуымен байланыстырып отыр.
"Екінші бройлер цехының үшінші корпусында микроклиматты бақылайтын компьютер істен шықты. Бұл ауа беру клапандарының жабылуына және бөлме температурасының көтерілуі мен оттегінің азаюына әкеліп соқты. Аталған фактіні кәсіпорынның ветеринарлық қызметі растады" делінген Ұйғыр ауданы әкімдігінің хабарламасында.
Әкімдікте құс тұмауын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілгенін, сынақтың теріс нәтиже көрсеткенін атап өтті.
Назар аударыңыз! Бейне 18 жасқа толмаған адамдарға, жүкті және көңілшек адамдарға ұсынылмайды.
Пікір қалдыру