Алматыда дүкенге қарулы шабуыл жасалды

/image/2020/12/27/crop-132_4_765x1020_a58011f1-09ec-47d2-a6db-96c2bc14f7f4.jpeg

Алматыда дүкенге қарулы шабуыл жасалды, – деп хабарлады Polisia.kz.

Түнгі сағат бірде Алматының Түрксіб ауданында орналасқан азық-түлік дүкеніне жасалған шабуыл туралы "102" басқару пультіне дабыл келіп түсті. Қаланың жедел кезекшісі жақын маңдағы патрульдік экипажды ауыр қылмыс болған жерге дереу бағыттады.

– Полицейлерді дүкенде 72 жастағы әйел қарсы алды. Оның айтуынша, ғимаратқа медициналық бетперде киген төрт ер адам кіріп келіп, тапаншамен қорқытып, оны бір рет аспанға атып, ақша сұраған. Алайда, олар дүкенде тағы бірнеше сатушы бар екенін көріп, қорқып, қашып кеткен. Бірақ олардың екеуі жасырынып үлгермеді. "Буран-288" патрульдік полиция экипажы осы қылмысқа қатысы бар Алматы облысы Талғар ауданының 20 жастағы тұрғындарын "ізін суытпай" ұстады. Тінту барысында күдіктілердің бірінен пневматикалық тапанша анықталып, тәркіленді, – деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Шабуылдың басқа қатысушыларының жеке бастары анықталды, оларды ұстау бойынша шаралар қабылдануда. Бұл факт Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша тіркелді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар