2021 жылдың басында Тоқаев жеті заңға қол қойды

/image/2021/01/02/crop-8_13_436x774_photo_342103.jpeg

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қаңтар күні жеті заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда ресми сайты.

Мемлекет басшысы қол қойған құжаттар қатарында төмендегі заңдар бар:

♦      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;

♦      Қазақстан Республикасының Экология кодексі;

♦      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;

♦     "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;

♦     "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;

♦     "Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік Хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;

♦     "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар