Лауазымды адамдарға қатысты шағым қабылдайтын электронды кітап шықты

/image/2021/01/15/crop-9_4_1067x1423_062048200500.jpg

Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында «Электронды шағымдар кітабы» бар. Салық төлеушілер www.kgd.gov.kz сайтындағы «Электронды сервистер» бөлігінде Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттері және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін бұзу фактілері бойынша шағымын жібере алады (сілтеме: http://kgd.gov.kz/kk/ebook). Шағымды электронды пошта арқылы жолдауға болады, деп  хабарлады Комитеттің баспасөз қызметі.

Шағымдар Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сәйкес қаралады.

"Электронды шағымдар кітабы" мемлекеттік және орыс тілдерінде жұмыс істейді.

Шағымды толтыру үшін парақшаның оң жақ жоғарғы бұрышында шағымдану тілін таңдап, келесі мәліметтерді толтыруңыз керек:

  1. Т.А.Ә. жеке немесе заңды тұлғаның атауы
  2. ЖСН/БСН
  3. Мекен-жай
  4. Телефон
  5. Электронды пошта мекен-жайы
  6. Шағым мәтіні (шағымның мәні егжей-тегжейлі көрсетіліп, іс-әрекеттеріне шағым жасалып жатқан лауазымды тұлғаның аты-жөні және мемлекеттік кірістер органының атауы көрсетіледі).

Егер өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар болса, жоғарыда көрсетілген реквизиттерді толтырғаннан кейін "тіркеу" функциясына өтіп, құжаттарды қоса жалғау керек.         

Барлық мәліметтерді толтырғаннан кейін "сақтау" функциясын қолдану қажет, содан кейін модератор шағымға тіркеу нөмірін тағайындайды. Бұл шағымның қазіргі жағдайын көруге және комитеттің жауабымен танысуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, "Электронды шағымдар кітабы" арқылы төмендегідей шағымдарды қарастырылмайды:   

- азаматтардың өтініштері, оларды шешу тәртібі әкімшілік құқық бұзушылық туралы, қылмыстық-процессуалдық, азаматтық-процессуалдық және өзге де заңдарда белгіленген болса; 

- Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Заңына сәйкес жасырын өтініштер;

- банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы шағымдар;

- салықтық және кедендік тексерулердің нәтижелері бойынша хабарламалар;    

- камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдар; 

- салық, кеден және басқа заңнаманың нормаларын түсіндіруді талап ететін мәселелер.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар