30 миллионнан астам адам WhatsApp мессенджерінен бас тартқан. Жаңа ережеге сай WhatsApp қолданушылар туралы барлық мәліметті Facebook-ке жіберетін болғандықтан адамдар жаппай Signal және Telegram-ға көше бастаған.
The Guardian мәліметіне сәйкес, Telegram-ға 25 миллион адам қосылған. Ал 7,5 миллион адам Signal-ды қолданатын болды.
WhatsApp жуырда жаңа ережені таныстырған. Келіскендер аталмыш мессенджерді бұрынғысынша қолдана бермек, алайда қолданушы туралы барлық мәлімет Facebook-ке жіберіледі.
Жаңа ережемен келіспегендер басқа мессенджердерді таңдауда.
Пікір қалдыру