Жаңаөзенде мұнайшылар ереуілге шықты (видео)

/image/2021/02/02/crop-27_5_702x1249_whatsapp-image-2021-02-02-at-18.34.55.jpeg

Жаңаөзенде "Мұнайспецснаб Компани" ЖШС қызметкерлері еңбекақысын арттыруды талап етіп, ереуілге шықты, деп хабарлады Лада.kz сайты.

Маңғыстау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының хабарлауынша, "Мұнайспецснаб Компани" ЖШС көлік қызметін ұсынады. Компания негізгі тапсырыс берушісі "Өзенмұнайгаз" акционерлік қоғамымен жұмыс істеу үшін Жаңаөзен қаласынан 300-ге жуық жеке кәсіпкерді жалдаған.

– Бүгінгі таңда жалданған кәсіпкерлердің 65-і сағатына 1 300 теңге көлеміндегі тарифтік төлемді 1 400 теңгеге арттыруды талап етіп жатыр, – деді Маңғыстау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқарма басшысының орынбасары Нұралы Баулыбаев.

Нұралы Баулыбаевтың айтуынша, қазіргі таңда "Мұнайспецснаб Компани" ЖШС мен "Өзенмұнайгаз" АҚ арасында келіссөз жүріп жатыр.

– "Мұнайспецснаб Компани" ЖШС осы жеке кәсіпкерлермен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасағандығын айта кету керек. Демек бұл жанжал жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек дауы болып табылмайды. Сондықтан бұл дау басқарманың құзыретіне кірмейді. Жеке кәсіпкерлер бұл мәселені тапсырыс беруші немесе сот органдары арқылы шешуі керек, – деді Баулыбаев.

Еске  салсақ, кеше, 1 ақпан күні "Мұнайспецснаб Компани" ЖШС жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етіп, акцияға шыққан болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар