Парламент сайлауы. Қазақстанда неге бәрі «кезектен тыс» өткізіледі?

/uploads/thumbnail/20170708193635923_small.jpg

Қазақстанда енді кезектен тыс парламент сайлауын өткізу туралы болжамдар айтыла бастады. Естеріңізде болса, 2015 жылдың сәуірінде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу таралы бастамалар алғаш көтеріле бастағанда, қазақстандық БАҚ-та парламент сайлауы да мерзімінен ерте өткізілуі мүмкін деген сыбыс тараған.  Бұл туралы «Қамшы» порталы Азаттық сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Осы ретте айта кетерлік жәйт, жүргенінен тұрғаны көп пәрменсіз парламенттің атқарған жұмыстары туралы «Қамшы» порталы циклді мақалалар жариялаған болатын. 

Парламент сайлауы – билік транзиті ме?

Азаттықтың жазуынша,  саясаткерлер мен саясаттанушылар «билік транзиті – саяси күн тәртібінде тұрған бұдан да өзектірек мәселе» деп санайды екен.

Қазақстандық саясаткерлердің бұлайша бажайлауына соңғы кездері Қазақстандағы мини-партиялардың кадрлық және құрылымдық ауыс-түйістері себеп болса керек-ті. Мысалы, формалды-оппозиция бақылаушылары  Қазақстан коммунистік партиясын жабу мен президентшіл «Ауыл» және Патриоттар партиясын біріктіру арқылы «Ауыл» халықтық патриоттық партиясын құруды кезектен тыс парламент сайлауына дайындық белгісі деп жорамалдайды.

Азаттыққа сұхбат берген Президентшіл Қазақстан коммунистік халық партиясының (ҚКХП) бейресми жетекшісі Владислав Косарев жуырда елде мерзімінен ерте парламент сайлауы өтетініне күмәнданбайды. Бірақ ол оппозициялық коммунистік партияның президентшіл ҚКХП-ға қосылғысы келмегеніне қынжылады. Ол «егер бізге қосылса, коммунистік партия аман қалар еді» дейді.

Кезектен тыс сайлау: әдет пе әлде саяси қажеттілік пе?

2011 жылғы парламент сайлауы кезінде Қазақстанда «көппартиялы парламент» құралатыны туралы сөз қозғалды.  Белгілі бір деңгейде бұл саяси модернизация деп бағаланғаны да жасырын емес. Мысалы, Заңға сәйкес, президент инагурациясынан кейін үкімет отставкаға кетуге тиіс және парламент қайта жасақталуы керек еді. Яғни, әдеттегідей «кезектен тыс» Президенттігінен кейін президенттің барлық бастамасын қолдайтын,  бас шұлғығыш парламентте де  сайлауды 2012 жылы емес дәл 2011 жылы мерзімінен ерте өткізу туралы ұсыныстар түсе бастағанын білесіздер.

Ал биылғы жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз аузынан шыққан сөзге сүйенетін болсақ, Суперпрезиденттік республикадан президенттік-парламенттік жүйеге көшу президент сайлауынан кейінгі нөмері бірінші мәселе еді.  Парламент елдегі ең басты саяси мінбер болуы тиіс-тін.

Гүлмира Илеуова, «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы президенті:

–Мен үшін биліктің сайлауды ертерек өткізгісі келуі екі нәрсені білдіреді. Бірі – әлеуметтік тұрақсыздық қаупі тақырыбы дұрыс бағаланбаған әлсіз сараптама, екіншісі – биліктің әрекеті әлеуметтік-экономикалық жағдайды нашарлатып жібереді.

Ешқандай электоралдық перспективасы жоқ коммунистік партияның жабылуы – биліктің елдегі саяси ахуалды дұрыс бағалауға қауқарсыздығын тағы бір мәрте растаған дәлел емес пе?

Досым Сәтпаев, Саясаттанушы:

– Сөзсіз болатын билік транзитін Қазақстанда негізгі саяси мәселе. Бұл кезеңнен қиналмай өту үшін, яғни билік ауысу процесінің ел қауіпсіздігіне кесірі тимес үшін билік қаржы, экономика, саяси және өзге шаралар қолданып жатыр. Мерзімінен ерте өткен президент сайлауы мен жуырда өтеді деп болжанатын парламент сайлауын, жуырдағы ұлттық валюта девальвациясын, саяси, ақпараттық алаңды оппозиция мен өзгеше ойлаудан тазартуды және биліктің патриоттар партиясы мен «Ауыл» партиясын біріктіру сияқты амалдар арқылы өз жақтастарының қатарын реттеп алуын осы шаралар қатарына жатқызуға болады.

Саясат шахматының фигуралары ауысқанымен жүйе өзгермейді

Абсолюттік жүйге құрылған Қазақстандағы «ақсақал биліктің» негізгі билікті демогогтардың қолына тапсыру – транзитіне нақты стратегиялардың бар, жоқтығы күмәнді болуы мүмкін. Саясаттанушылардың пікірінше, билік транзиті - фигуралары өзгермейтін шахмат ойыны сияқты көрінеді. Сәтбаев ондай «фигураларға» жоғары шенді басшылар мен парламент депутаттары ғана емес, өзі атағандай, «зомби партияларды» да жатқызады. Сол себепті Сәтбаев билік транзиті мәселесі бірінші кезектегі, ал кезектен тыс парламент сайлауы екінші, тіпті үшінші дәрежедегі мәселе деп санайды.

Қазір парламентте үш партия – ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын «Нұр Отан» және  «Ақ жол» және Қазақстан коммунистік халық партиясы бар. «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Тұрлыбекұлы 2015/02/16-сы күні   Азаттық сайтына берген сұхбатында кезектен тыс парламент сайлауы туралы пікірін білдірген екен.

Азат Перуашев, «Ақ жол» партиясы төрағасы:

–2016 жылы президент және парламент сайлауы өтуі тиіс болған. Бірақ заң бойынша бұлай болмауы тиіс. Онда «Неліктен парламент сайлауын өткізбеске?» деген сұрақ туады. Президент сайлауы көптеген мәселелерді шешеді, саяси жүйе мен мемлекеттік биліктің тұрақтылығы нығаяды. 

Түйін: Қазақстанда неге бәрі «кезектен тыс» өткізіледі?

Тәуелсіздіктің құнын тәрк етіп жіберген «ақсақал билік» пен пәрменсіз парламентті қайта сайлағаннан не қайыр?! Ұйқыдағы парлемнт мүшелерін не түлен түркені белгісіз, әйтеуір Қазақстанның саяси қоғамында түрлі ауыс-түйістер орын алуда. Артының қайырын бергей. Осы ретте тағы бір ескере кетерлік мәселе – қазіргі парламенттегі қалшылдаған қариялардың орнын жалындаған жастармен толықтыру мәселесін қарастыру.  Оның үстіне қазіргі парламенттегілердің дені – «аутсайдерлер» екеніне талас жоқ. Ендеше аутсайдерлерді шегеріп, негізгі жасақты ойынға шығаратын уақыт жетті емес пе?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Қатысты Мақалалар