• Егер жеке қаражат бөлігі қолма-қол ақшасыз, яғни банктік шотына аударылған болса, онда растаушы құжат ретінде аударылым туралы түбіртек (чек) жүктелуге тиіс.
• Егер сатып алу-сату шарты нотариуста рәсімделіп, пәтер құнының бір бөлігі нотариустың көзінше беріліп, бұл туралы сатып алу – сату шартында нотариус жазған болса, қосымша қолхат пен түбіртектің қажеті жоқ.
"Егер баспананы Бірыңғай зейнетақы жинағындағы қаражатты қолданып сатып алған болса, enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында растау құжаттарын (ПДФ-форматында) жүктеу кезінде сатушы пәтер құнының бір бөлігін қолма-қол ақшамен алғаны туралы қолхат бірге жүктелуі қажет" делінген хабарламада.
Пікір қалдыру