Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулысын жариялады

/image/2021/03/25/crop-148_21_741x988_1eb11f14-36c3-4058-a018-db2b91039a58.webp

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында:

  • контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы бала саны 25-тен асырылмай дәстүрлі форматта оқытылады;
  • білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат етіледі;
  • жасыл және сары аймақта орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін бала саны 25-тен аспай аралас форматта оқытылады. 

Ал коронавирустың "қызыл" аймағында орналасқан өңірлерде:

  • жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныптан бастап 5 сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан бастап 7 сыныпты қоса алғанда, мектеп алды сыныптарының оқушылары үшін сыныптардағы бала санын 25-тен асырмай аралас форматта оқытылады; 
  • оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етіледі.

Осы қаулы 26 наурыз сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар