Қазақстанға қазақ емес, босқын қаптайтын қаупі бар

/uploads/thumbnail/20170708193855964_small.jpg

Заман өзгерді. Әлем астаң-кестең. Бұрынғы құндылықтармен өмір сүру мүмкін болмай қалды. Ойламаған оқыс оқиғалар көбеюде. Әсіресе, босқындар мәселесі өткір түрде күнтәртібіне қойылуда. Әдетте адам құқын көп айтатын Еуропа босқындар тасқынының алдында не істерін білмей дағдарып қалды. АҚШ 10 мың босқын қабылдаймыз деді. Ол не болады!? Дүниежүзінің назары табиғи ресурстары мол, жері кең елдерге қарай бұрылуда. Бізге де тықыр таяды. Ұлттық арнаның бүгін хабарлауынша біздің елге де босқындар келе бастапты. 2009 жылы «Халықаралық босқындар туралы заңға» қосылыппыз. БҰҰ-дің босқындар туралы басқармасы бізде жұмыс істейді екен. Ұлттық арна қазірге дейін 600-ден астам босқынды қабылдағанымызды, олардың бір жыл босқын мәртебесін ала тұрып, одан ары Ықтияр хатқа (тұрақты тұруға) қол жеткізетіндігін, мұны әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықтың және ұлтаралық келісімнің бесігі болып отырған еліміздің сындарлы саясатының жемісі ретінде мақтаныш етті. Өкінішке орай, босқын болып келгендер бір ауыз қазақ тілін үйренбепті. Тілшінің сұрағына түгелдей орысша жауап берді (Заң бойынша орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі болғасын, қазақ тілі ол функцияны атқара алмайтындықтан сөйтеді де).
Теледидарды көріп отырып, есіме еріксіз сырттағы ағайындар оралды. Біздің үкіметтің босқын екеш босқынмен де келісімшілдігі неге қазаққа келгенде кері бағушылық болып қалатынына қайран қалдым. Әйтпесе, біздің үкімет пен парламентке сырттан өз аяғымен оралған қандастарға қолайлылық жарату мәселесін соншалық ойланатындай не болды. Қылаяғы босқынға берілетін жеңілдік те жоқ екен ғой келген қазаққа! Жаман айтпай жақсы жоқ. Осылай, қазақтарды шекараның сыртында қақпайлап, келгендерін көп көріп, көзге түрткі қылып отырғанда елімізге баса-көктеп ентелеген (ертең орыс болып шыға келетін) қалың қара тобыр қаптап кете ме деп қорқамын. Сөз ұқпайтын «ауылдан келген», «сапасыз», жұқсыз бұзақының көкесін сонда көріп жүрмейік.

Тұрсынхан Зәкенұлы, Л. Н Гумилев атындағы ЕҰУ  профессоры

«Facebook» парақшасынан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар