Маңғыстау облысының кәсіпкерлеріне 5 млн. теңгеден астам қаржы қайтарылды

/uploads/thumbnail/20170708194254331_small.jpg

Алматы. Қамшы порталы - Бизнесмендердің құқығын қорғайтын Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы мамандарының көмегімен кәсіпкерлердің 5 млн. теңгеден астам қаржысы қалтасында қалды. Олар салық органдарының қате есептелген салықтары мен басқа да талаптарын кері қайтарған.

«Жергілікті кәсіпкерлердің пайдасына 5 млн. 278 мың теңгеден астам салық органдарының қате есептелген салықтары мен басқа да талаптары кері қайтарылды. Палатаға кәсіпкерлерден 180-ге жуық өтініш келіп түскен, соның ішінде 75-і олардың құқықтарының қорғалуына қатысты болып отыр. Жалпы соманың ішінде 150-ге жуық өтініш оң шешімін тапқан, олар бойынша түсініктемелер алынды, мәселе жабылды. Облыстың мемлекеттік органдарына 62 хат жолданды, 37 арыз өтініш, апелляциялық, кассациялық және қадағалау шағымдары, өзге де өтініштер мен қолдаухаттар  жолданған. Палатаның сарапшылары 13 сот талқылауына қатысып, онда кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаған", - деп атап өтті Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының құқық мәселелері бойынша диреторының орынбасары Талғат Ноғаев.

Сондай-ақ, Ноғаевтың айтуынша, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесі 3 отырыс өткізіп, кәсіпкерлердің жергілікті атқарушы органдардың әрекеттеріне шағым білдірген 16 өтінішін қарастырған. Әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің сарапшылары жергілікті атқарушы органдарының нормативтік-құқықтық актілерінің (НҚА) жобаларына 59 сарапшылық қорытынды дайындалған. НҚА-ның 9 жобасы бойынша Палата мамандары ескерту жасап, оған жергілікті атқарушы органдар келісетіндіктерін білдірді. 

Дереккөзі: ҚазАқпарат

 

Қатысты Мақалалар