Маңғыстау облысында жаңа балабақшалар ашылды

/uploads/thumbnail/20170708194255633_small.jpg

Алматы. Қамшы порталы - Бүгін Мұнайлы ауданының Дәулет елдімекенінде реті бойынша 10-ншы мемлекеттік балабақшаның ашылу салтанаты өтті.

№ 10 «Ақбота» балабақшасы 280 орынға есептелген. Екіқабатты ғимарат өзін-өзі тану, орыс тілі мен ағылшын тілін үйрену және вокал сыныптарынан тұрады. Бүлдіршіндерді асханада арнайы балалар мәзірі бойынша тамақтандырады. Жаңа балабақшада медициналық қызметкерге де арналған бөлме қарастырылған. Мекеме 65 қызметкерден тұрады, оның ішінде 24-і тәрбиешілер.

Салтанатты лента қию рәсіміне ауыл ақсақалдар кеңесінің төрағасы Насрулла Сәрсенғалиев пен Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев қатысты.

- 2007 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен, тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет, бір ғана облыста жаңа әкімшілік-аумақтық бірлік – Мұнайлы ауданы құрылды. Бұл шешім қала маңындағы елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге мүмкіндік берді. Аудан тұрғындарының әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстар әлі де жүргізілуде, әлеуметтік нысандар салынып, елді мекендердің инфрақұрылымы дамуда. Қазіргі таңда Мұнайлы ауданында 9 мемлекеттік және 15 жеке меншік мектепке дейінгі балалар ғимараты, 4 шағын орталықтар пайдаланымға берілді. 3 пен 6 жас аралығындағы жас тұрғындардың 60%-ы мектепке дейінгі тәрбие және оқумен қамтамасыз етілген, - деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

Жақын арада Атамекен елдімекеніндегі 280 орынды балабақша мен 1200 орынды мектептің құрылыстары аяқталады. Маңғыстау-5 тұрғын алабы мен Атамекен елдімекенінде әрқайсысы 100 орынды жеке меншік балабақшалардың ашылуы жоспарлануда. Аталған ғимараттардың құрылыстары өткен жылдың маусым айында басталған болатын.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

Қатысты Мақалалар