"Ауруханаға барып, кезекке тұрыңыз". Нығматулин Цойдың жұмысын сынға алды

/image/2021/06/09/crop-50_12_1027x1369_mycollages-18.jpg

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды халыққа жақын болуға шақырды. Бұл туралы ол мәжілістің пленарлық отырысында айтты. 

Мәжіліс төрағасы Алексей Цойға аудандық емханаларға барып, кезекте отырған халықпен тілдесуге үндеді.  

– Министр мырза халыққа шығатын кез келді. Санитарлық дәрігердің нұсқаулығы арқылы адамдармен сөйлесуді тоқтатыңыз. Ауруханаға, емханаға барыңыз. Әсіресе, аудандық медициналық ұйымдарды аралып шығыңыз, ондағы кезекте тұрған адамдарды тыңдаңыз. Менің ойымша, сол кезде медициналық көмек сапасы мен осы көрсеткішке қол жеткізу жайында қажетті мәлімет аласыз. Жалпы өз жұмысыңыз жайында халықтың пікірін естисіз. Сіздің барлық көрсеткіштеріңіз қанағаттандырмайды, – деді Нұрлан Нығматулин

Спикердің сөзінше министрлікке үкімет тарапынан тиісті қолдау мен қаражат бөлініп жатыр. Сондықтан  нағыз жұмысқа  кірісетін уақыт келді. 

– Сіз тағы да өз статистикаңызға, еуропалық әдіснамаға сілтеме жасай бастайсыз. Індетке байланысты денсаулық сақтау министрлігіне салмақ түсіп тұрғанын түсінеміз. Бірақ біраз уақыт өтті, жиналу керек. Есепті парақтан немесе суфлермен оқып ғана шектелесіз, алайда журналистердің қаншама сұрағы жауапсыз қалуда. Барыңыз адамдармен сөйлесіңіз, біз кім үшін жұмыс істейміз? Сайлаушыларымыз медицина сапасын қалай бағалайтынын білу керек. Үкімет сізді қолдап келеді, тиісті қаражат та бөлінуде. Енді жұмыс істейтін уақыт келді, – деді Нығматулин.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар