Дәурен Абаев жалған вакцина төлқұжатын жасайтындарға қатысты пікір білдірді

/image/2021/07/23/crop-67_10_741x989_2020_05_04_foto-aba-adm.jpeg

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев жалған вакцина жасайтындар түбінде ұсталатынын мәлімдеді. Ол бұл туралы "Открытый диалог" бағдарламасында айтты. 

Абаев сұхбат барысында жалған вакцина паспортын жасайтындармен күрестің қалай жүріп  жатқанын айтты.

– Құпия сатып алушы деген бар. Біздің құзырлы органдар бұл тәсілді қолдана ма білмеймін. Мысалы, полиция өкілі азаматтық формада жалған вакцина төлқұжатын сатып алуға дәрігерге барады. Заңға қайшы әрекет жасалған сәтте, кінәлі азамат сол сәтте ұсталады. Осылай әр медицина қызметкерін тексеруге болады. Ол осындай 100 жалған төлқұжат жасауы мүмкін. Бірақ 101-де ұсталатыны анық, – деді ол. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар