Шымкентте қораз төбелестірген 100 шақты адам ұсталды, – деп хабарлады Polisia.kz.
Кезекті рейдтік іс-шара барысында Қаратау ауданына қарасты Сайрам елдімекені, Жаңа-құрылыс көшесіндегі нөмірсіз мекен-жайдан жергілікті тұрғын 100 шақты адамды жинап, қораз төбелестіргені анықталған.
"Аталған жайт бойынша жинақталған құжаттар Шымкент қаласы Қаратау ауданының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына карантин режимінің бұзылуына жол берген азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБТК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша заңды шешім қабылдау үшін жолданды" делінген полиция таратқан хабарламада.
Пікір қалдыру