Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

/image/2021/07/29/crop-138_6_764x1018_1f3aa394-687e-42eb-a571-9050afb8e179.jpeg

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында жаңа қаулы жариялады.

Жаңа қаулыға сәйкес төмендегі кәсіпкерлік объектілер "Ashyq" жобасын енгізуді және іске асыруды жалғастыруы тиіс:

  • йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
  • спа-орталықтары, моншалар, сауналар, бассейндер;
  • PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар; 
  • боулинг клубтары, кинотеатрлар, театрлар мен филармониялар;
  • асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
  • асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
  • облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар, облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
  • бильярд клубтары, концерт залдары, караоке, көрмелер, океанариум, марафондар;
  • көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар, әуежайлар;
  • лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
  • балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары, цирктер;
  • отельдер, қонақ үйлер;
  • халыққа қызмет көрсету орталықтары;
  • темір жол вокзалдары және автовокзалдар;
  • (жабық және ашық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, (азық түлік емес) сауда үйлері,  сауда желілері;
  • балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер, (персонал) үшін);
  • букмекерлік конторалар;
  • сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;
  • жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру орталықтарын қоса алғанда, білім беру объектілері (қызметкерлер (персонал), 18 жастан асқан адамдар үшін);
  • спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар