Өрттің өтеуі 120 миллион теңгені құрады

/uploads/thumbnail/20170708151123993_small.jpg

Маңғыстау облысының экология департаменті Ақтау қаласының іргесінде жүк көлігі мен мұнай тасымалдайтын тепловоздың соқтығысуы салдарынан орын алған алапат өрт пен табиғатқа келген шығын көлемін анықтады, - деп хабарлайды Baq.kz ақпараттық қызметі.Мамандар есебінше келтірілген залал 120 миллион теңгені құрайды екен. Айыппұл ретінде өндірілетін бұл қаржыны «Эмир Ойл» компаниясы төлеуге міндетті. Естеріңізге сала кетейік, апатты жағдай 16 қараша күні орын алып, мұнай төгілуі салдарынан 3 480 шаршы метр жерді жалын шарпыған еді. Өкінішке қарай, тепловоз машинисінің көмекшісі оқиға орнында қаза тауып, машинист пен жүк көлігінің жүргізушісі аман қалған. Бүгінде апатты жайтқа жүк көлігінің жүргізушісі айыпты деген күдікпен іс қозғалған. Ал аман қалған тепловоз машинисті Берік Құлбарақовтың өзі аурухана төсегінде жатуына байланысты, оның әкесіне Тәуелсіздік күні қарсаңында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин «Құрметті теміржолшы» атағын тапсырған болатын.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар