Жапония премьер-министрі жұмыстан кетпек

/image/2021/09/03/crop-11_7_528x954__120361923_gettyimages-1234861901.jpeg

Жапония премьер-министрі Йошихидэ Суга осы айда партия лидері болып қайта сайланбайтынын мәлімдеді. Бұл оның қызмет мерзімінің аяқталғанын білдіреді.

Суга бұл қызметке бір жыл бұрын Синдзо Абэнің отставкасынан кейін тағайындалған болатын.

Жапония әлі де төтенше жағдай режимінде. Қазір Ковидтің ең нашар толқынымен күресіп жатыр.

Бүгінгі таңда елде 1.5 миллионнан астам адам вирус жұқтырған,  вакцинация баяу жүріп жатыр.

Пандемияның өршуіне қарамастан, Олимпиада ойындарын биыл өткізу туралы шешім де халыққа өте "ұнамсыз шешім" ретінде бағаланды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар