Тоқаев: Ауғанстаннан келетін қауіптің бары анық

/image/2021/09/03/crop-39_6_1027x1369_mycollages-35.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс экономикалық форумының пленарлық отырысында, Ауғанстаннан келетін қауіп пен қатер туралы айтты.

– Менің ойымша, бұл елден қауіп пен қатердің келетіні анық. Америка кеткеннен кейін ол елде құны 85 миллиард доллардан асатын ең заманауи қару-жарақ қалды. Босқындардың сейілу қаупі бар, – деді Тоқаев.

Оның сөзінше, мұндай "нәзік" мәселеде Қазақстан Ресей мен ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына мүше елдермен бірдей пікірде.

– Ауғанстан бұрынғыдай болмайтыны анық. Елге жаңа жүйе енді. Бұл жүйенің ұзаққа баратыны да  анық. Таліптер  барлық мемлекетпен достық қарым-қатынасты көздейтіндерін айтты. Десе де біз сақ болуымыз қажет. Жақын күндері біздің елді паналығысы келетін босқындар көбеюі мүмкін. Бұл бізге үлкен қауіп төндіру мүмкін, –  деді ол. 

15 тамызда Талибан ұйымы Кабулға кіріп, Ауғанстанда үстемдігін орнатқан. Елдегі жағдай АҚШ әскери қызметшілері шығарыла бастағаннан кейін шиеленісе түсті.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар