Денсаулық сақтау министрлігі 5 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.
Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 3897 адамнан коронавирус, 67 адамнан пневмония анықталған. 4 қыркүйекте 72 адам коронавирустан, 19 науқас пневмониядан көз жұмған.
Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 816 896-ке жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 71 292.
6 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 93 014 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 21 074 пациент стационарда, 71 940 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
1491 адамның жағдайы ауыр, 425 пациенттің жағдайы өте ауыр, 201 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бүгінде коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта Түркістан облысы ғана тұр.
"Сары" аймақта Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары бар.
Ал "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары бар.
Ел бойынша жалпы коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 839 097 адам, 2-компонентін 5 662 697 адам салдырған.
Пікір қалдыру