Түлкібас ауданында апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі толығымен шешілді

/uploads/thumbnail/20170708194950197_small.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысында ғимараты апатты жағдайда тұрған мектептер саны азайды. Жыл басында өңірде комиссияның шешімімен расталған осындай 46 мектеп бар болатын. Биыл солардың 29-ының орнына жаңа ғимарат салынып жатыр. Жаңа оқу жылына дейін олардың 20-сы пайдалануға беріледі.  Мәселен, Түлкібас ауданында апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі толығымен шешілді. 400-дей ғана тұрғыны бар Қаратаудың бөктеріндегі Сарытөр ауылында жаңа мектептің ашылғанына әсіресе жоғары сыныпта оқитын қыздар қуанып жүр.  Киім тігумен айналысатын үйірме ұйымдастырмақшы. Бұрынғы мектепте оған бөлек кабинет болмаған екен. Ақтоты Мадияр, оқушы  -Жаңа мектебімізде физика, химия кабинеттері жеке-жеке болады. Ал еңбек кабинетінде мишинкалар бар, қыздарға арналған. Мұнымен киім тіземіз. Керек заттарымызды сәнді етіп, тігіп аламыз. Түлкібас ауданында екі мектептің ғимаратын комиссия апатты жағдайда деп таныған болатын. Екеуінің де орнына биыл жаңа мектеп салынып, жаңа оқу жылын оқушылар жаңа мектепте бастап отыр.  Еңбек ауылында ескі мектепті сүріп тастап, орнына жаңа ғимарат салынды. Әскербек Төребеков, Еңбек ауылының тұрғыны  -Біз жаңа мектеп деп емес, балаларымыз қауіпсіз мектепке келді деп қуанып жатырмыз. Ескі мектепке жібергенде қандай болады деп ойланып жүруші едік. Енді жаңа мектепке келіп, бір қуанып отырмыз. Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 104 білім нысанының құрылысы жүргізілді. Нәтижесінде мектебі жоқ екі ауылға мектеп салынды, 24 үш ауысымды мектеп үшеуге азайды, 13 ыңғайластырылған ғимараттың орнына жаңасы тұрғызылды.  Енді алдағы екі жылдың ішінде апатты жағдайдағы мектептердің барлығының мәселесі шешіледі. Жергілікті билік оған ерекше назар аударып отыр. Қайрат Әбдуәлиев, Түлкібас ауданының әкімі  -Бұл келешек ұрпақ, балаларымыздың қауіпсіздігі. Жалпы, оқушылардың апатты жағдайдағы мектептерде оқымауы, 3 ауысымды мектепте оқымауы – бұл үлкен әлеуметтік мәселенің шешілуі. Биылғы оқу жылында өңірдегі 1022 мектепте 602 мыңнан астам бала білім алады. Ал 70 448 оқушы мектеп табалдырығын алғаш рет аттамақ.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар