БҚО-да Бөкей хандығының 220 жыл толуына орай мәдени-спорттық шаралар өтті

/image/2021/10/29/crop-91_16_592x790_ef3bd107-c37f-40f6-b9ba-d5edbe1e0f0f.jpeg

22-23 қазан күндері Хан ордасы ауылында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Бөкей хандығының 220 жыл толуына орай мәдени-спорттық шаралар өтті. Жиналған қауым алдымен Бисен Жәнекешев, Мәншүк Мәметова және Ұлы Отан соғысына сарбаздарының ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып тағзым етті.

Фото: qamshy.kz

Фото: qamshy.kz

Фото: qamshy.kz
Одан соң
салтанатты жиын бастау алып, аудан әкімі Нұрлыбек Даумов барша бөкейліктерді айтулы күнмен құттықтап, игі тілектерін арнап, алыс-жақыннан келгенмеймандарға қош келдіңіз айтты. Өз кезегінде БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов облыс басшысы Ғали Исқалиевтің құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар Жәнібек, Казталов, көршілес Ресей Федерациясының Палласовка ауданы, Валерий Чкалов атындағы әскери полигонның өкілдері де лебіздерін білдірді. Айта кетелік, жиын барысында ауданымыздың экономикалық әлеуетінің дамуына сүбелі үлес қосқан, қоғамдық өмірде белсенділігімен танылған бірқатар жерлестерге "Құрметті азамат" белгісі табыс етілді.

Фото: qamshy.kz

Фото: qamshy.kz

Аталмыш шараның ресми бөлігі бұдан әрмен "Орда-туған мекенім" атты мерекелік концертпен жалғасты. Хан ордасы музей қорығында Х. Бөкеева атындағы облыстық драма театр ұжымы ұйымдастырған арнайы көрініс те көрерменге зор әсер сыйлады. Кеш соңы тұрғындарға арналған халық серуенімен аяқталды.

Бөкей хандығының 220 жылдығына арналған шара екінші күні дала қызықтарымен айшықталды. Сондай-ақ, ауылшаруашылық көрмесі өткізіліп, тай, аламан бәйге және т. б ұлттық спорт түрлерінен жарыстар оздырылды.

 

Фото: qamshy.kz

Фото: qamshy.kz

Фото: qamshy.kz

Фото: qamshy.kz

Фото: qamshy.kz

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар