Шымкентте 81 елді мекеннің 40-ы табиғи газбен қамтылған, 33 елді мекен жартылай, ал 8-інде газ жүйесі тартылмаған.
Биыл тұрғындарды көгілдір отынмен қамту үшін 1 газ тарату станциясы мен 4 магистралды және 13 елді мекеннің ішкі орамдық жүйесінің құрылысы жүруде.
Жыл соңына дейін автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГРС-3), Қайнарбұлақ және Азат ш/а магистралды құбыр тартылып, 5 елді мекенде ішкі жүйенің құрылысы аяқталады. Нәтижесінде Алтынтөбе, Бадам 195 орам, Достық (2-кезек), Асар-2, Азат шағын ауданында 11 мыңнан астам адам табиғи газге қол жеткізіп, қамтылу көрсеткіші 92,2%-дан, 93%-ға өседі.
Ақтас магистралды құбыры мен Батыс, Ақтас, Ақжар, Арғымақ, Ақтас-2, Сәуле, Нұртас, Көкбұлақ және Тассай шағынаудандарының құрылысы 2022 жылға өтпелі.
Шымкентте 2022-2025 жылдарға қала тұрғындарын инфрақұрылыммен қамту жоспарына сәйкес, барлық елді мекендердің ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарлануда. 2025 жылы газ мәселесі толығымен шешіліп, қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.
Пікір қалдыру