Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданы әкімдігінің биылғы жылы атқарған жұмыстарының есебі шеңберінде бірқатар нысандарға арнайы барып, берілген тапсырмалардың орындалу деңгейін қадағалады.
Қала басшысы ауданның қысқы кезеңге дайындығын, аулаларда қолайлы орта қалыптастыру, ойын алаңшаларын орнату тапсырмаларының орындалуын тексерді.
Жиынында аудан әкімі А.Аликуловтың есепті баяндамасын талқылады. Ауданда индикаторлық көрсеткіштер толығымен орындалған.
- Салық түсімі 114 пайызға немесе 1,3 млрд. теңгеге артығымен орындалып, 10,9 млрд. теңгеге жеткен.
- Инвестициялық саясатты ілгерілетуде 26 млрд. теңгелік 132 жоба жүзеге асты.
Пікір қалдыру